🎒9 қарашада Астана қаласындағы №33 жайлы мектеп базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды. Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірінен 188 оқушы қатысуда. Олимпиада 13 қарашаға дейін жалғасады.
🧪11 (12)-сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынайды. Олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыруға бағытталған.
📊Биыл олимпиаданың бірінші, өңірлік кезеңіне 3 690 оқушы қатысты. Екінші, іріктеу кезеңіне 406 оқушы өтіп, оның қорытындысы бойынша 188 үздік қатысушы республикалық кезеңге жолдама алды.
🎓Қатысушылардың жұмыстарын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD докторларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.
🏆Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
📹Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында олимпиаданың тікелей эфирі ұйымдастырылады. Трансляция сілтемелері daryn.kz ресми сайтында жарияланады.
📚Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі зияткерлік сайыс дарынды оқушыларды қолдауға және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

