Суббота, 20 декабря, 2025
Басты бетЖаңалықтар⚡️Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету – Мемлекет басшысы Жапониямен туризм...

⚡️Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету – Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем.

Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс.

Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады.

Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын.

«Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз».

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments