Site icon ATAMEKEN

⚡️Оқу-ағарту министрі XV NIS халықаралық конференциясында білім берудің басым бағыттары туралы айтты

 

🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтар білім сапасын арттыруға, педагогтерді қолдауға және әр балаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова XV NIS халықаралық конференциясының жабылуында сөйлеген сөзінде осы міндеттерге тоқталды.

🌍Астанада «Мектеп және адами әлеует: сапалы білім және тең мүмкіндіктер» тақырыбымен ұйымдастырылған конференцияға 1700-ге жуық қатысушы жиналды. Отандық және шетелдік сарапшылар педагогтердің кәсіби дамуы, инклюзивті оқыту, жасанды интеллектіні қолдану және оқушылардың әл-ауқаты мәселелерін талқылады.

📚 Министр білім беру жүйесінің адами капиталды дамытудағы рөліне тоқталып, әр баланың сапалы білім алуына, қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңызын жеткізді. Биыл 15 жылдық белеске жеткен конференция педагогтердің тәжірибе алмасуына және халықаралық зерттеулерді мектеп тәжірибесімен ұштастыруға мүмкіндік беріп келеді.

🏅Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова білім саласын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға, соның ішінде NIS басшылығына, педагогтері мен қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.

Exit mobile version