Site icon Атамекен

⚡️ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ “ЖАМБЫЛ КЕРАМЗИТ” ЗАУЫТ ҰЖЫМЫНА АЭС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

⚡️ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ “ЖАМБЫЛ КЕРАМЗИТ” ЗАУЫТ ҰЖЫМЫНА АЭС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Халықтық штаб мүшелері Мәтібұлақ ауылындағы “Жамбыл керамзит” зауыт ұжымымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды, әсіресе атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

Кездесу барысында халықтық штаб мүшесі Армандос Ақылдосұлы атом электр станциясының мемлекеттің дамуына әсер ететін факторларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасына қосар үлесі туралы сөз қозғап, жаңа жобалардың артықшылықтарын атап өтті.

«Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% — қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Біріншіден жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70% жетсе, екінші жағынан елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп барады. АЭС аталған мәселелерді шешудің дұрыс жолы деп айтуға болады», — деді Армандос Ақылдосұлы.

Кездесу барысында зауыт ұжымына АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

 

#АЭСүшін

#АЭСтаңдаймыз

#ЗаАЭС

#ВыборЗаАЭС

#АЭСРеферендум

#Референдум2024

#ХалықтықШтаб

#НародныйШтаб

#АЭСбізге

#БізгеАЭСкерек

#ҚазақстанғаҚуатБер

#ЗарядимКазахстан

Exit mobile version