Site icon ATAMEKEN

⚡️Қазақстанда қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада басталады

 

📚 3 қарашада еліміздің барлық өңірінде 9-11 -сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың бірінші, мектепішілік кезеңі өтеді. Сайыс Smart Daryn платформасында ұйымдастырылады.

💳 Төрт кезеңнен тұратын олимпиада оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және қаражатты жауапкершілікпен басқару мәдениетін дамытуға бағытталған.

🔐Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтыну бағыттары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

🏆Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша әр ауданнан ең жоғары балл жинаған 30 оқушы екінші кезеңге жолдама алады. Аудандық кезең 14 желтоқсанда Smart Daryn платформасында онлайн форматта өтеді.

🤝Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жүзеге асырады.

_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

Exit mobile version