Site icon ATAMEKEN

⚽️ Ағылшын футболшысы Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

 

Салтанатты рәсім Лондондағы «Палладиум» театрында өтті. France Football журналы тағайындаған «Алтын доп» 70-ші рет табысталды.

Кейн 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысы деп танылды. Ол «Бавария» сапында Германия чемпионатын, Кубогін және Суперкубогін жеңіп алды, ал Англия құрамасымен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар 33 жастағы шабуылшы өткен маусымның үздік сұрмергені ретінде де марапатталды. 65 матчта 73 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Әйелдер арасындағы «Алтын допты» үшінші рет Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Алексия Путельяс иеленді.

📷 Franck Fife/AFP via Getty Images

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#АлтынДоп #ХарриКейн #Бавария #Путельяс #футбол #жаңалықтар

Exit mobile version