Google 9 қазаннан бастап Gemini жасанды интеллект модельдерінің тегін қолжетімділігін шектей бастады.
Жаңа талаптарға сәйкес, ақылы жазылымы жоқ пайдаланушыларға тек күнделікті тапсырмаларға арналған жеңілдетілген Gemini Flash-Lite моделі қолжетімді болады. Бұған дейін тегін нұсқада Flash және Pro модельдерін де пайдалануға болатын.
Google AI Plus жазылымы бар қолданушылар да Gemini Pro моделіне қол жеткізе алмайды. Алайда олар Flash-Lite және Flash модельдерін пайдалана алады. Ал Pro моделіне қолжетімділік Google AI Pro және Ultra тарифтерінде сақталады.
Компания әр пайдаланушыға шектеулердің нақты қашан енгізілетінін электронды пошта арқылы хабарлайды.
Gemini-дегі пайдалану лимиттері сұраудың күрделілігіне, таңдалған модель мен функцияларға және диалог ұзақтығына байланысты. Лимиттер әр бес сағат сайын жаңартылады, бірақ апталық квота да қарастырылған. Қуатты модельдер мен күрделі функциялар квотаны жылдамырақ жұмсайды.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Google #Gemini #ЖИ #тегіннұсқа #шектеу #технология #жаңалықтар

