Site icon ATAMEKEN

✈️ Астанада екінші әуежай салу: Бектенов қандай тапсырма берді

 

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанды Еуразиялық көлік-логистикалық торапқа айналдыру тапсырылғанын еске салды.

«Ол үшін келесі жылы барлық автомобиль өткізу бекеттерінің құрылысы мен жаңғыртуды аяқтау, Бақты – Аягөз теміржол желісін іске қосу қажет. Сондай-ақ құрылыс маусымы басталған соң Көкшетау – Петропавл автомагистралін кеңейтуге және Астанада екінші әуежай құрылысын бастауға кірісу керек. Халықаралық жүк тасымалының өсуін қамтамасыз ету үшін отандық жүктасымалдаушыларға қосымша мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Тасымалдаушылар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында Көлік министрлігіне жүкті шоғырландыру және бөлу орталықтарын құруды ескере отырып, сервистік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Астана #әуежай #Бектенов #көлік #логистика #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version