Site icon ATAMEKEN

✈️ Қазақстаннан Оманның Салала қаласына тікелей рейстер ашылады

 

Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы қазан айының соңынан бастап Алматы мен Астанадан Оманның оңтүстігіндегі Салала курорттық қаласына тұрақты тікелей рейстерді іске қосады.

Алматы – Салала бағыты бойынша алғашқы рейс 23 қазанда орындалады. Бастапқыда ұшақ аптасына бір рет қатынайды, ал 30 қазаннан бастап ұшу кестесі өзгеріп, рейс таңертең орындалады.

Астана – Салала бағыты бойынша рейстер 24 қазанда басталады. Бұл бағытта да ұшақ аптасына бір рет ұшады.

Бұған дейін Қазақстан мен Оман арасындағы тікелей әуе қатынасы Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы арқылы жүзеге асырылып келген.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#AirAstana #Оман #Салала #Алматы #Астана #рейстер #туризм #жаңалықтар

Exit mobile version