Облыстық деңгейде өткен дәстүрлі «Абай оқулары» байқауында Мәтібұлақ ауылдық округінің оператор маманы, өзге этнос өкілі, Жамбыл ауданының «Ассамблея жастары» ұйымының белсенді мүшесі Азатова Изатгүл Рабукжановна жүлделі І орынды иеленді.
Бұл жеңіс — ауданымыздың мәдениет пен өнерге деген ерекше ықыласын, қоғамымыздағы этносаралық бірлік пен өзара достықтың нығая түскенін, сондай-ақ ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына деген зор құрметті айқын көрсетеді.
Осындай байқаулар арқылы еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі артып, ортақ мәдени мұраны дәріптеуге қосқан үлесі арта түсетіні сөзсіз.
#ЖамбылАуданы #АссамблеяЖастары #ЭтносаралықБірлік #Мәдениет #АбайОқулары