Саутбаев Ырзабек Абайұлы 2006 жылдан бері «КТЖ» «ПЧ-46» мекемесінде жол жөндеуші болып еңбек етіп келеді. Бар-жоғы 21 жасында осы саланы таңдаған ол бүгінде 20 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.
Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына, жауын-шашынға қарамай, жолдың қауіпсіздігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген Ырзабек Абайұлы – нағыз еңбекқор жан.
Ол – көпбалалы әке, балаларына адал еңбектің құндылығын көрсетіп, өнеге болып жүр.
«Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасына берік жандардың еңбегі – қашан да қадірлі!