Site icon ATAMEKEN

🇰🇿Коалиция мүшелері «АЛАТАУ» тігін цехының еңбек ұжымымен кездесті

Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы «АЛАТАУ» тігін цехында жаңа Конституция жобасын талқылады.

🔹Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ, билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтылды.

💬«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев.

Еңбек адамдары өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Exit mobile version