Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылындағы «Каз Тек Инвест» еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.
💬«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып қолдау», – деді коалиция мүшесі Дәулет Жарасбаев.
Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

