Site icon ATAMEKEN

🇰🇿🇩🇪 Қазақстан мен Германия су ресурстары саласында ынтымақтастығын нығайтады

 

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов Германия Федералдық азық-түлік, ауыл шаруашылығы және өңірлік сәйкестік министрлігінің (BMLEH) Парламенттік мемлекеттік хатшысы Мартина Энгльхардт-Копф бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар ауыл шаруашылығында суды пайдалану тиімділігін арттыру бағытында Германияның кәсіпорындарымен және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан бөлек, технологиялар алмасуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және бірлескен пилоттық жобаларды дамытуға арналған Қазақстан-Германия су хабын құру мәселесі қаралды.

Қазіргі уақытта Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы мен German Water Partnership (GWP) ұйымы су саласындағы 300-ден астам компанияны біріктіретін хаб тұжырымдамасының жобасын келісіп жатыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#суресурстары #Қазақстан #Германия #GWP #ирригация #жаңалықтар

Exit mobile version