Алматы облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев «Алатау жарық компаниясы» АҚ- ұжымымен кездесті.
🔹 Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары түсіндірілді. Әсіресе билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Құрылтай құру, Конституциялық Соттың тәуелсіз мәртебесі және Президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты өзгерістерге назар аударылды.
Кәсіпорын қызметкерлері әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары, еңбек құқықтарының қорғалуы және стратегиялық инфрақұрылымның құқықтық қауіпсіздігіне қатысты сауалдарын қойды. Энергетика саласы өкілдері елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған реформаларды қолдайтынын білдірді.
🔸 Жиын қорытындысында облыс энергетиктері алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.
