Алматы облысында ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде өңірдегі 25 ауыл интернетке қосылды.
2027 жылдың соңына дейін облыстың 85 ауылын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жоба аясында Қарасай, Бірлік және Үшбұлақ ауылдарындағы 179 үйді интернетке қосуға мүмкіндік жасалды. Жақында аталған елді мекендердің тұрғындарымен телекөпір ұйымдастырылып, цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.
Ауылдарды интернетпен қамту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша 2027 жылдың соңына дейін еліміздегі 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылуы тиіс.
Жобаның басты мақсаты — қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтып, шалғай елді мекен тұрғындарына заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін қолжетімді ету.
Сапалы интернет мұғалімдерге білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға, дәрігерлерге науқастардың мәліметтеріне электронды жүйе арқылы жедел қол жеткізуге, ал оқушыларға онлайн білім алуға мүмкіндік береді.
Алматы облысында алдағы уақытта тағы 60 ауылды интернетпен қамту көзделіп отыр.
Подписывайтесь на нас: Atameken_press
#интернет #Алматыоблысы #цифрландыру #ауыл #Қазақстан #новости

