«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
🔹 Жиында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Коалиция өкілдері саяси жүйені жаңғырту, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейту, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімін бекіту, Құрылтайды толықтай пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың тәуелсіз мәртебесін айқындау мәселелеріне тоқталды.

