Site icon ATAMEKEN

🇰🇿 Қазақстан паспорты тағы да Орталық Азиядағы ең күшті деп танылды

 

Henley Passport Index 2026 әлемдік рейтингінде Қазақстан 66-орынды иеленіп, Таиландпен бөлісті. Рейтинг азаматтардың алдын ала виза рәсімдемей-ақ қаншалықты еркін саяхаттай алатынын көрсетеді.

Өңірдегі көршілердің нәтижелері:
🇰🇬 Қырғызстан — 81-орын
🇺🇿 Өзбекстан — 82-орын
🇹🇯 Тәжікстан — 87-орын
🇹🇲 Түрікменстан — 93-орын

Әлемдегі ең күшті паспорт — Сингапурдікі. Үздік үштікке Жапония, Оңтүстік Корея, БАӘ және Швеция да кірді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#паспорт #HenleyPassportIndex #Қазақстан #ОрталықАзия #виза #жаңалықтар

Exit mobile version