Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында алғаш рет осындай ауқымда ұйымдастырылған кешке қазақ әншісі арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Димашты көру үшін әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналды. Арасында Ресейден арнайы келген, сүйікті әншісіне арнап өлеңдер жазып, оны кітап етіп шығарған тыңдарманы да бар.
Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан және басқа да бауырлас елдердің өнер жұлдыздары бір сахнада тоғысып, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын ұлықтады.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Димаш #Анкара #ТүркіМемлекеттеріҰйымы #саммит #мәдениет #Қазақстан #жаңалықтар
