Site icon ATAMEKEN

🌊 Алматы облысында көктемгі тасқынға дайындық күшейтілді

 

Алматы облысында көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Өңірде арықтар, каналдар мен өзен арналары тазартылып, су өткізу нысандары ретке келтірілді.

Атқарылған жұмыстар:
🔹 25,6 шақырым арық тазартылды
🔹 3 шақырым канал тазартылды
🔹 4,2 шақырым өзен арналары тазартылды
🔹 16 су өткізу құбыры техникалық жағдайға келтірілді

Қарды уақытылы шығару үшін облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларында арнайы қар полигондары белгіленген.

Гидрологиялық жағдайды бақылау үшін 42 гидропост жұмыс істейді — олардың қатарында «Қазгидромет» және «Қазселденқорғау» бекеттері бар.

Қазіргі уақытта өзендерде мұз кептелістері тіркелмеген, гидрологиялық жағдай қалыпты деңгейде.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#тасқын #Алматыоблысы #Қазселденқорғау #Қазгидромет #қауіпсіздік #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version