Оспанхан Әубәкіров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде талай жыл абыроймен еңбек етіп, саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардақты әріптестеріміз Амиржанов Сабит Сундетбаевич пен Рахметжанов Бакыт Кастекбаевичті зейнет демалысына шығарып салдық.
Ұжыммен бірге өткізген жылдар, атқарған еселі еңбектеріңіз, шәкірттерге берген тәлім-тәрбиелеріңіз бен еңбек жолындағы жарқын сәттеріңіз – бәрі де мектеп тарихында өшпес із қалдырып, жүректерде жылы естелік болып сақталады. ❤️
Сіздерге мектебіміздің ұжымы атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Алдағы өмір жолдарыңыз тыныштық пен қуанышқа, отбасылық жылулық пен шаттыққа толы болсын. Дендеріңізге саулық, ғұмырларыңызға ұзақтық, шаңырақтарыңызға амандық тілейміз! 🌿
Еңбекпен өрілген жылдар – ел есінде қалатын өнегелі жылдар.
💐 Ақ жол, ардақты ағалар! Зейнеттеріңіз жайлы, әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын!
