Алматы облысында республикалық экологиялық бағдарлама аясында ауқымды тазалық шараларына **911 мыңнан астам** тұрғын қатысып, өңір аумағынан **20 мың тоннадан астам** қоқыс шығарылды.
Жыл басынан бері өңірде **37 жалпыхалықтық сенбілік** өткізілді. Оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жастар ұйымдары, еріктілер, бизнес өкілдері мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.
Экологиялық акциялар барысында атқарылған жұмыстар:
🧹 911 312 адам қатысты
🗑 20 877 тонна қалдық шығарылды
🌳 12 940 гектар аумақ қоқыстан тазартылды
🌱 124 781 түп ағаш отырғызылды
🚛 5 289 техника жұмылдырылды
31 қазанда кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтті. Оған **28 971 адам** қатысып, бір күннің ішінде **444 тонна** қоқыс шығарылды, **485 гектар** аумақ тазартылды. Жиналған қалдықтардың бір бөлігі қайта өңдеуге жіберу үшін сұрыпталды.
«Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты — тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
Подписывайтесь на нас: Atameken_press
#ТазаҚазақстан #Алматыоблысы #сенбілік #экология #қоқыс #ағашотырғызу #Қазақстан #новости

