Site icon ATAMEKEN

🌿 Сұраншы батыр ауылы ауылдық мәдениет үйінде Жайлау күні кең көлемде аталып өтті.

Бұл ерекше шара – ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын насихаттауға бағытталды. Кеш барысында қазақтың салт-дәстүрлері таныстырылып, ән-күй шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
🏔️ Жайлау – халқымыздың табиғатпен етене өмір сүргенінің айқын белгісі. Осындай мерекелер арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, рухани байлығымызды арттыра түсеміз.
💬 Шараға ауыл тұрғындары белсене қатысып, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.
✨ Ұлттық мұрамызды ұлықтайтын мұндай игі істер жалғасын таба берсін!
Жайлау күні құтты болсын!

Exit mobile version