«Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Taza Qazaqstan» Road-эстафетасы Абай облысында жалғасты. Қатысушылар Жидебай қорығын қоқыстан тазалап, вандалдық жазуларды жойды.
Вандализммен күрес және тарихи ескерткіштерге ұқыпты қарау «Әділет» партиясы жұмысының маңызды бағыттары болып қала береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени мұраны сақтау мен қоғамдық орындарда тәртіп орнату қажеттігін бірнеше рет атап өткен.
«Жастардың тарихи мұрамыздың құндылығын түсініп, оны сақтауға өздері қатысқанын қалаймыз. Сондықтан мұндай акцияларды әрі қарай да өткіземіз», — деді «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының м.а. Ержан Хамитов.
«Taza Qazaqstan» Road-эстафетасына 5 мыңға жуық адам қатысуда. Төрт күн ішінде олар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысы бойынша шамамен 1800 шақырым жол жүреді.
Ауқымды road-эстафетаны қабылдайтын келесі өңір — Шығыс Қазақстан облысы.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#ТазаҚазақстан #Әділет #ЖастарРухы #Абайоблысы #Жидебай #эстафета #Қазақстан #жаңалықтар

