Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке балалардың денсаулығын қорғау мақсатында зиянды тағамдардың жарнамасын шектеуді тапсырды.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар. Бұл көрсеткіш азаймай, керісінше өсіп келеді.
«Балалардың фастфуд пен тәтті тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да әсері бар. Бұл мәселені ең алдымен балалардың денсаулығын ескеріп қарастыру қажет», — деді Президент.
Балалар денсаулығы — басты байлық. Жарнама емес, салауатты тамақтану насихатталуы тиіс.
#Тоқаев #балаларденсаулығы #фастфуд #жарнама #қантдиабеті #салауаттыөмірсалты #Казахстан
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

