Site icon ATAMEKEN

🎨 Ван Гогтың 180 млн долларға бағаланған картинасы Гонконгте соңғы рет көрсетіледі

 

Гонконгте жүздеген адам Винсент ван Гогтың «Гүлдеген каштан ағаштары» картинасын көру үшін кезекке тұрды. Туынды 60 жылдан астам уақыт бойы ашық көрмеге қойылмаған.

Sotheby’s аукцион үйі картинаны 18 қарашада Нью-Йоркте өтетін сауда алдында таныстырды. Оның шамамен 180 млн долларға сатылуы мүмкін екені болжанып отыр. Гонконгтегі көрме 15 қазанда аяқталды.

Одан кейін картина 19–23 қазан аралығында Парижде көрсетіледі. Ван Гог бұл туындыны 1890 жылғы мамырда, қайтыс болуына екі ай қалғанда салған.

Аукционға осы картинамен бірге Поль Сезанн, Клод Моне, Поль Гоген және басқа суретшілердің тағы 11 туындысы қойылады. Барлық шығарма 2020 жылы қайтыс болған аргентиналық коллекционер Нелли Арриета де Блакьердің жеке жинағына тиесілі.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#ВанГог #Sothebys #аукцион #өнер #Гонконг #Париж #НьюЙорк #жаңалықтар

Exit mobile version