Site icon ATAMEKEN

🎨 «Әділет» партиясы ерекше білім қажет ететін балаларды музейге апарды

 

«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Партия бөлімшесінің басшысы Әділбек Қамбарұлы балалармен бірге саяхаттап, олардың музей жәдігерлеріне деген қызығушылығына куә болды.

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

«Әр баланың өзіне тән қабілеті мен мүмкіндігі бар. Олардың бойындағы талантты ашуға, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге жағдай жасау — баршамызға ортақ міндет. Инклюзия — бұл тек тең мүмкіндік беру ғана емес, әр баланы түсіну, қабылдау, құрметтеу. Балалардың жүзіндегі шаттық пен шынайы күлкі — осындай игі бастамалардың нәтижесі. Өйткені әрбір бала жарқын болашаққа лайық», — деді Әділбек Қамбарұлы.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Әділет #инклюзия #ерекшебалалар #музей #Алматы #Жамбылауданы #жаңалықтар

Exit mobile version