Талап ауылдық округіне қарасты Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бекбатыр Нұрасыл 🇰🇿 VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі І орын иеленіп, ел мерейін үстем етті! 🥇
Жас спортшының жеңісі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 🇰🇿👏
Бұл — Нұрасылдың табандылығы мен еңбегінің, ел спортына қосқан үлесінің жарқын көрінісі!
👏 Нұрасылды айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, көк Туымызды көкке көтере берсін! 🇰🇿🥇
Жеңісің құтты болсын, Нұрасыл! Жарайсың! 💐🏆
#ДүниежүзілікКөшпенділерОйындары #ЖасБатыр #БекбатырНұрасыл #Жеңіс #СұраншыБатыр #МектепМақтанышы #Қазақстан 🇰🇿

