Астанада World Aquatics Swimming World Cup Astana 2026 басталды. Үш күн бойы елорда әлемнің үздік жүзгіштерінің — олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекордсмендердің кездесу орнына айналады.
Қазақстан атынан 22 спортшы сынға түседі. Олар 34 жеке дисциплинада, сондай-ақ ерлер, әйелдер және аралас эстафеталарда шетелдік қарсыластармен күреседі.
Жарыс 17 қазанға дейін жалғасады. Астаналық кезең бұған дейін Баку мен Ташкентте өткен Silk Road Tour сериясының қорытынды кезеңі болады.
Qazaq Aquatics-тің бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ. Серіктесі — «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Астана #жүзу #ӘлемКубогы #WorldAquatics #SilkRoadTour #СамұрықҚазына #Қазақстан #жаңалықтар

