Site icon ATAMEKEN

🏗️ Қонаевта экологиялық жаңғырту: 33 млрд теңгеге кәріз кешені салынуда!

Алматы облысының орталығы Қонаевта ауқымды құрылыс басталды. Мұнда тәулігіне 25 мың текше метр лас суды тазартатын заманауи кешен бой көтеруде. Құрылыс аяқталған соң қала экологиясы айтарлықтай жақсарып, жағымсыз иіс пен ластану мәселесі шешімін табады!

Жоба аясында 36 шақырым коллектор, үш сорғы станциясы және толық инфрақұрылым салынады. Тазартылған су техникалық мақсатта және ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

Қазіргі жағдай:

✅ жалпы құны – 33,1 млрд теңге;

✅ қазір 6,7 млрд теңге жұмсалды;

✅ 100-ден астам жұмысшы, 43 техника жұмылдырылған;

✅ аяқталу мерзімі – 2027 жылдың қыркүйегі.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылыс алаңын аралап, жұмыс барысымен танысты. Қонаевтың экологиялық болашағы жақсы жаққа өзгереді!

#Қонаев #Экология #Құрылыс #Инфрақұрылым

Exit mobile version