Site icon ATAMEKEN

🏙️ Қазақстан көбірек қалалық болып келеді

 

Елімізде урбанизация процесі айтарлықтай жеделдеді. Ұлттық статистика бюросының қыркүйек басындағы деректері бойынша, азаматтардың 64,2%-ы қалаларда тұрады.

Алты жылда қала тұрғындарының үлесі 5,2%-ға, ал 2010 жылдан бері шамамен 8%-ға өсті. Жеделдеу қарқыны 2024–2026 жылдары байқалды. Бұл деректерді Ranking аналитиктері келтірді.

Урбанизацияның ең жоғары деңгейі:
🥇 Қарағанды облысы — 82,8%
🥈 Ұлытау облысы — 79,7%
🥉 Ақтөбе облысы — 76,7%
Павлодар облысы — 71,7%
ШҚО — 67,9%

Негізінен бұл — өнеркәсіптік өңірлер, онда қалалар ірі кен орындары мен кәсіпорындардың айналасында дамыған.

Айта кетейік, Алматы облысының көрсеткіші нақты урбанизация деңгейін толық көрсетпейді: қала маңындағы тұрғындардың басым бөлігі Алматыда жұмыс істеп, ауылдық жерде тіркелген.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#урбанизация #Қазақстан #статистика #қалалар #Ranking #Қарағанды #Ұлытау #Ақтөбе #жаңалықтар

Exit mobile version