Депутат Алмас Мұхаметов депутаттық сауалда қазақстандықтар қарыздарына байланысты банк шоттары шектелген жағдайда да пайдалана алатын қорғалған төлем минимумін енгізуді ұсынды.
«Әрине, азамат алған қарызын қайтаруы керек. Бірақ бүгінде төлемдердің басым бөлігі цифрлық форматта жасалатынын ескерсек, шот шектелгеннен кейін адам қалай өмір сүруі керек? Жол жүру, байланыс, су, электр және жылу ақысын қалай төлейді? Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қалай сатып алады? Адамның қол-аяғын байлап, жүгіруін талап етуге қалай болады?» — деді депутат.
Ол заң бойынша борышкердің шотында табыстың кемінде 50%-ы және өмір сүруге қажет ең аз сома қалуы тиіс екенін еске салды. Алайда бұл талап қағазда ғана қалып отыр. Іс жүзінде шектеу қойылғанда адам өз билігінде қалуы тиіс ақшаны пайдалану мүмкіндігінен айырылады.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Құрылтай #шоттардыбұғаттау #қарыз #қорғалғанминимум #Қазақстан #депутат #Мұхаметов #жаңалықтар

