Site icon ATAMEKEN

🏥 Алматы облыстық көпбейінді клиникалық ауруханасында көзге лазерлік оталар жасала бастады

 

Алматы облысының тұрғындары енді көз ауруларының бірқатарын лазерлік емдеуге мүмкіндік алды. Қазан айынан бастап ауруханада лазерлік оталар жасала бастады. Бұған дейін мұндай қызметті өңірдегі екі жеке клиника ғана көрсететін.

Аурухана өз қаражаты есебінен екі лазерлік аппарат сатып алды:
🔹 YAG-лазер — 9,87 млн теңге
🔹 медициналық диодты лазер — 15,96 млн теңге

Жаңа жабдық көз торының жыртылуы мен дегенеративті өзгерістерінде, диабеттік ретинопатияда, глаукоманың кейбір түрлерінде, сондай-ақ катарактаны алып тастағаннан кейінгі көру бұзылыстарын жою үшін қолданылады.

«Лазерлік орталық күніне 20 пациентке дейін қабылдай алады. Қазан айының басынан бері 30-дан астам ота жасалды. Процедура түріне қарай ота 5–20 минутқа созылады. Аяқталған соң пациент бірден үйіне қайта алады. Облыс тұрғындары енді лазерлік емделу үшін басқа өңірлерге барудың қажеті жоқ», — деді офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Ақылбек Бақытжан.

Лазерлік оталар ақылы негізде де, МӘМС шеңберінде де жасалады. МӘМС бойынша катаракта мен глаукоманы емдеу, көз торы ауруларын лазерлік емдеу, сондай-ақ птеригиумды (көз бетіндегі тіннің өсуі) алып тастау қолжетімді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#офтальмология #лазерлікота #Алматыоблысы #МӘМС #медицина #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version