Денсаулық сақтау министрлігі скринингтерден тұрақты түрде өту қажеттігін еске салды. Ведомствоның атап өтуінше, Қазақстанда негізгі тексерулер МӘМС мәртебесіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер есебінен жүргізіледі.
🔹 Жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне және глаукомаға скрининг 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге екі жылда бір рет жүргізіледі
🔹 40–76 жастағы әйелдерге сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін маммография — екі жылда бір рет
🔹 Жатыр мойны қатерлі ісігіне скрининг 30–74 жастағы әйелдерге арналған — төрт жылда бір рет
🔹 50–76 жастағы ерлер мен әйелдер колоректальды қатерлі ісікке скринингтен екі жылда бір рет өтеді
Скринингтен өту үшін тіркелген жеріңіздегі емханаға жүгініп, биыл қандай тексерулер қажет екенін нақтылау керек.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#скрининг #денсаулық #Денсаулықсақтауминистрлігі #МӘМС #Қазақстан #профилактика #жаңалықтар

