Site icon ATAMEKEN

🏺 Таразда Берел қорғандарынан табылған 350 археологиялық жәдігер көрмеге қойылды

 

Таразда «Берел қорғандары – егемендік пен елдіктің мұрасы» атты көшпелі көрме өтті. Іс-шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтары ұйымдастырды.

Көрмеге Берел қорғандарынан табылған 350 археологиялық жәдігер қойылды. Олардың қатарында:
🔹 2500 жылдан астам тарихы бар алтын бұйымдар
🔹 №36 қорғаннан табылған бұғы-грифон бейнесімен безендірілген ат әбзелдері
🔹 №16 қорғандағы адам сүйектерінің негізінде қалпына келтірілген антропологиялық бейнелер
🔹 №2 қорғаннан табылған жануар бейнесіндегі сабы бар қола айна
🔹 әйелдердің әшекей бұйымдары мен Берел жылқысының ат әбзелдерінің көшірмесі

Жәдігерлер ежелгі сақтардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертіп, Шығыс Қазақстанның бай тарихи мұрасы туралы мағлұмат береді.

Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылар және еңбек ардагерлері қатысты.

Көшпелі көрме музейлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Берел #Тараз #көрме #археология #сақтар #тарих #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version