«Скотокрад» ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері ветеринариялық инспекторлармен бірлесіп, өңірдің автожолдарындағы сауда нүктелері мен көліктерді тексереді. Рейдтердің негізгі мақсаты — мал ұрлығының, етті заңсыз сатудың жолын кесу және ветеринариялық-санитариялық ережелердің бұзылуын анықтау.
Павлодар қалалық ПБ криминалдық полиция бастығы Асхат Мұқұшевтің айтуынша, қала сыртындағы тасжолдар мен кіреберістерде 10 мобильді пост қойылған. Полицейлер тасымалданатын жүктерді, ветеринариялық құжаттарды, жануарлардың құлақ биркаларын және ет ұшаларындағы клеймоларды тексереді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Павлодар #Скотокрад #полиция #ветеринария #блокпост #Қазақстан #жаңалықтар
