«Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің фоттұзағы жабайы табиғаттың екі өкілін түсірді. Бұл жолы кадрға сібір елігі мен орман сусары түскен.
Елік — бұғы тұқымдастардың ең кішкентай өкілі. Еркегінің салмағы 35 кг-нан аспайды, ұзындығы — 130 см, ересек дарағының биіктігі шамамен 80 см. Ұрғашылары анағұрлым кіші. Көлемі мен салмағы шағын болғанымен, елік күші мен ептілігімен ерекшеленеді.
Орман сусары — Еуропа мен Азияның жапырақты және аралас ормандарында мекендейтін жыртқыш сүтқоректі. Сымбатты денесімен және үлпілдек құйрығымен ерекшеленеді.
📹 Qazaqormany
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Көкшетау #ұлттықпарк #елік #суcap #жабайытабиғат #Қазақстан #фоттұзақ #жаңалықтар
