«Қазақстан темір жолы» теміржол маңында мал жаюға салынатын айыппұлды екі есе арттыруды ұсынып отыр. Компанияның мәліметінше, жыл басынан бері пойыздардың малды қағып кетуіне қатысты 584 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64 жағдайға аз.
ҚТЖ мамандары 52 мың мал иесіне қауіпсіз жаю ережелерін түсіндіріп, 378 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Қазір бұл құқық бұзушылық үшін бірінші рет 5 АЕК, яғни 21 625 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК немесе 43 250 теңге айыппұл салынады.
ҚТЖ айыппұлды екі есе арттыруды ұсынып отыр. Бұл жағдайда бірінші құқық бұзушылық үшін 10 АЕК (43 250 теңге), ал қайталанған жағдайда 20 АЕК (86 500 теңге) төлеу қажет болады.
Компания мал иелерін теміржол маңында малды қараусыз қалдырмауға және жаю ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#ҚТЖ #малжаю #айыппұл #теміржол #қауіпсіздік #Қазақстан #жаңалықтар

