Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында халықтың банктегі жинақ ақшасы 30,5 трлн теңгеден асты (+8,3%).
Өсім толығымен ұлттық валютадағы жинақтар есебінен болды:
🔹 теңгелік депозиттер 12,2%-ға артып, 24,7 трлн теңгеге жетті
🔹 шетел валютасындағы салымдар 5,6%-ға азайып, 5,9 трлн теңге болды
Халықтың теңгедегі жинаққа қызығушылығы артып келе жатқанын байқауға болады.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#депозит #жинақ #теңге #банк #қаржы #Қазақстан #жаңалықтар

