Site icon ATAMEKEN

💼 Жамбыл ауданында 4,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

 

Жамбыл ауданында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 2026 жылға қарай ауданда 4472 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Ертас мәлімдеді.

Сегіз ай ішінде 3515 жұмыс орны ашылып, жылдық жоспардың 79%-ы орындалды.

Қазіргі уақытта ауданда 12 487 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді, бұл секторда 23 930 адам еңбек етеді. Өткен жылмен салыстырғанда бизнес секторындағы жұмыспен қамтылғандар саны 649 адамға өсті. ШОК-тан 4,8 млрд теңге салық түсті.

«Ауылдарда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру үшін «Бір ауыл — бір жоба» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында ауданның 24 елді мекенінде 62 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны — 8,1 млрд теңге. Толық іске асырылған жағдайда 1110 жаңа жұмыс орны ашылады», — деді Нұрлан Ертас.

Болашақта аудан экономикасын әртараптандыруға, ауылдарда шағын кәсіпорындар ашуға және тұрғындардың өз ісін бастауына қолайлы жағдай жасауға басымдық беріледі.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Жамбылауданы #жұмыспенқамту #жұмылорны #ШОК #Ертас #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version