2026 жылғы қазанда жылдық инфляция қыркүйектегі 9,3%-бен салыстырғанда баяулап, 9,2% мөлшерінде болды. Ал айлық инфляция 0,6%-дан 0,5%-ға дейін төмендеген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«Сауалнама жүргізген сарапшылар қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,3–9,7%, ал айлық инфляция 0,5–0,9% деңгейінде болады деп болжаған. Осылайша, нақты көрсеткіштер сарапшылардың күткенінен жақсы болды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы қыркүйекте Қазақстандағы жылдық инфляция тамыздағы 9,8%-дан 9,3%-ға дейін баяулаған болатын. Осылайша, жылдық инфляцияның төмендеуі қатарынан 12 ай бойы жалғасып келеді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#инфляция #статистика #Қазақстан #экономика #жаңалықтар

