📌 Жамбыл аудандық полиция бөлімі АПБ ОТТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция майоры Н. Кузембаева, полиция капитаны Бакиров Бауыржан Сметович және Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары бірлесіп Мынбаев және Қарғалы ауылдарында профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және отбасындағы қауіпсіздікті нығайту болды.
Кездесу барысында азаматтарға заң аясындағы жауапкершілік түсіндіріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық көмек алу жолдары және қолдау көрсету қызметтері туралы ақпарат берілді.
🤝 Қоғамдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
#полиция #жамбыл #біздіңполиция #заңжәнетәртіп #отбасынқорғауорталығы
