Site icon ATAMEKEN

📱 Microsoft жасанды интеллектіні компьютерде іске қосатын технологиясын таныстырды

 

Microsoft жасанды интеллект агенттерін тікелей дербес компьютерде іске қосуға мүмкіндік беретін жаңа технологиясын таныстырды.

Компанияның мақсаты — ЖИ агенттеріне код жазу және күрделі тапсырмаларды орындау мүмкіндігін беру. Сонымен қатар Microsoft арнайы қауіпсіздік жүйесін әзірледі. Ол ЖИ агенттерінің рұқсатсыз деректерге қол жеткізуіне жол бермейді. Мамандар әр компьютердегі агенттердің жұмысына қатысты нақты ережелерді белгілей алады.

Жаңа технологияны OpenAI, Anthropic және Nvidia компаниялары да пайдаланбақ. Алайда мұндай жүйелерді іске қосатын компьютерлердің бағасы жоғары:
💵 бастапқы нұсқасы — 2,5 мың доллардан асады
💵 ең қуатты үлгісі — 6 мың долларға жуықтайды

Жад микросхемалары бағасының өсуі де ЖИ-ге арналған компьютерлердің қымбаттауына әсер етіп отыр. Осылайша, ЖИ-ді тікелей компьютерде пайдалану мүмкіндігі кеңейгенімен, мұндай технология әзірге қомақты қаражатты талап етеді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Microsoft #ЖИ #технология #OpenAI #Nvidia #компьютер #инновация #жаңалықтар

Exit mobile version