Site icon ATAMEKEN

📶 Ұшақ бортында Wi-Fi іске қосылды

 

Air Astana Airbus A321LR ұшақтарын жоғары жылдамдықты спутниктік Wi-Fi-мен жарақтандыруға кірісті. Жабдықты орнатуды авиакомпанияның өз техникалық мамандары өз базасында жүргізеді.

Жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесі орнатылған алғашқы ұшақ — EI-KGB тіркеу нөмірлі Airbus A321LR. Борттық интернеті бар дебюттік рейс бүгін Алматы – Ташкент бағыты бойынша орындалды.

2027 жылдың 31 қаңтарына дейін тегін Wi-Fi барлық жолаушыларға қолжетімді. Бизнес-класпен ұшатындар мен Nomad Club-тың барлық деңгейдегі қатысушылары бұдан әрі де борттағы интернетті тегін пайдалана алады, ал қалған жолаушылар ақылы интернет-пакеттерді сатып алуы қажет.

Бұған дейін Қазақстанда бірнеше ұшақты интернетке қосу туралы ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтқан болатын.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#AirAstana #WiFi #ұшақ #интернет #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version