Алматы облысында экология және жаңартылатын энергетика салаларында екі ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Қайрат» индустриялық аймағында:
♻️ жылына 10 мың тоннаға дейін пайдаланылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт
☀️ қуаты 70 МВт күн электр станциясын салу жоспарланған
Бұл туралы Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан COP31 халықаралық климаттық конференциясында белгілі болды.
Конференция аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқару, қайта өңдеу және жаңартылатын энергетика салаларында жұмыс істейтін төрт компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісімдердің бірі NULOOP компаниясымен жасалды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 10 мың тоннаға дейін аккумуляторды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Заманауи технологиялардың көмегімен пайдаланылған аккумуляторлардың құрамындағы литий, мыс, алюминий және басқа да құнды компоненттер бөлініп алынып, өнеркәсіпте қайта пайдаланылатын болады.
Тағы бір меморандум күн энергетикасы мен энергия жинақтау технологияларын дамытуға маманданған LoopEnerGren Capital компаниясымен жасалды. Компания «Қайрат» индустриялық аймағындағы кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаты 70 МВт күн электр станциясын салуды қолға алған.
Сонымен қатар «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жабдықтарын шығаратын ресейлік «АРМ» компаниясымен және қалдықтарды жинаудың заманауи инженерлік жүйелерін әзірлейтін PUZER компаниясымен келісімге келді.
Меморандумдар тәжірибе мен технология алмасуға, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамытуға және айналым экономикасы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Подписывайтесь на нас: Atameken_press
#Алматыоблысы #аккумулятор #күнэнергиясы #ЖасылДаму #COP31 #Қазақстан #новости

