Бүгін, 10 қыркүйекте Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыаудандық санитарлық тазалық шарасы өтті.
Тазалық акциясына аудан бойынша 3 569 адам қатысып, 32 арнайы техника жұмылдырылды. Шара барысында елді мекендердегі қоғамдық аумақтар, көшелер мен жол жиектері тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде жалпы көлемі 32 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 69 тонна тұрмыстық және қатты қалдық арнайы орындарға шығарылды.
Іле ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедғәріп Ниязұлы Құрманғалиев тазалық шарасының маңыздылығына тоқталып:
«Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір тұрғын туған жерінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосса, ауданымыздың келбеті одан әрі ажарлана түседі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады», – деді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары Іле ауданында тұрақты негізде жалғасуда.

