Site icon ATAMEKEN

🚂 Қырғызстандықтар Қытайға пойызбен бара алады

 

Қырғызстан азаматтары Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының құрылысы аяқталғаннан кейін Қытай Халық Республикасына жолаушылар пойызымен тікелей сапарлай алады.

Бұл туралы «Биринчи радио» эфирінде «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол компаниясы» бас директорының орынбасары Ұлан Құлов айтты.

«Әрине, жолаушылар тасымалы да көзделген. Бұл — жүк және жолаушылар тасымалына арналған теміржол. Ол пайдалануға берілгеннен кейін Қырғызстаннан Қытайға пойызбен тікелей қатынауға болады», — деді Ұлан Құлов.

Компания жолаушыларға арнап заманауи әрі жайлы вагондар сатып алуды көздеп отыр. Қазір жолаушылар пойыздарының ықтимал бағыттары пысықталып жатыр.

Теміржол пойыздарының жобалық жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін жетеді. Магистральдың Қырғызстандағы учаскесінің ұзындығы — 304 шақырым. Осы аралықта 29 тоннель мен 50 көпір салынады.

Бекітілген кесте бойынша теміржол 2031 жылы іске қосылуы тиіс. Дегенмен құрылысшылар жұмысты мерзімінен бұрын — 2030 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#теміржол #Қырғызстан #Қытай #Өзбекстан #инфрақұрылым #жаңалықтар

Exit mobile version