Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа бұйрыққа қол қойды.
13 қазаннан бастап енгізілетін өзгерістер:
🔹 Шақыртулар шұғылдықтың төрт санатына бөлінеді. Ең шұғыл шақыртуға бригада 10 минутта, екінші санатқа — 15 минутта, үшіншіге — 30 минутта, кезек күттірмейтін шақыртуларға — 60 минутқа дейін жетуі тиіс.
🔹 Жедел жәрдемді тек 103 нөмірі арқылы ғана емес, қосымшалар, мессенджерлер және чат-боттар арқылы да шақыруға болады. Шақыртқаннан кейін көлікті нақты уақытта бақылау мүмкіндігі пайда болады.
🔹 Бригадалар GPS, бейнекамералар және бейнежетондармен жабдықталады. Медиктерге қауіп төнсе, шақыртуға полиция келуі тиіс.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#жеделжәрдем #медицина #Денсаулықсақтауминистрлігі #Қазақстан #Әлназарова #103 #жаңаереже #жаңалықтар

