Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтті.
Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.
Айта кетейік, ММА Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылды.
Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы 35 спорт түрінен жүлдеге таласуда.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Азиада2026 #ЕркінғалиБүркіталин #ММА #Қазақстан #алтын #Нагоя #Жапония #спорт #чемпион #болеемзанаших

