Site icon ATAMEKEN

🥇 Алматылық АҚШ-тағы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

 

Алматылық балуан Мерей Базарбаев Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматының спорт басқармасы хабарлады.

Мерей Қазақстан атынан 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Финалда ол Түркиядан келген Бекир Кесерді мерзімінен бұрын жеңді.

Алматылық турнирдің барлық белдесулерінде жеңіске жетті:
🔹 1/8 финал — Люк Лилледаль (АҚШ), 3:1
🔹 1/4 финал — Расул Галбураев (Франция), 13:2
🔹 1/2 финал — Дайто Кацумэ (Жапония), 7:0

📸 Алматы әкімдігі

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#еркінкүрес #әлемчемпионаты #Базарбаев #ЛасВегас #алтын #Қазақстан #спорт #жаңалықтар

Exit mobile version